From Wikipedia, the free encyclopedia
Куба Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Кубаның атынан сынға түсетін ұлттық құрама. Басқарушы орган - Куба Футбол Қауымдастығы. КОНКАКАФ және ФИФА мүшесі. Кариб бассейніне қарасты елдердің арасынан алғаш әлем чемпионатына қатысқан құрама.
Куба Ұлттық футбол құрамасы | ||||
Логотип | ||||
Конфедерация | ||||
---|---|---|---|---|
Федерация |
Куба Футбол Қауымдастығы | |||
Бас бапкері | ||||
Капитаны |
Йеньер Маркес | |||
Ең көп ойын саны |
Йеньер Маркес 126 | |||
Үздік бомбардир |
Лестер Море 29 | |||
Үй стадионы |
Педро Марреро | |||
ФИФА рейтингі |
Үлгі:Nft rank | |||
| ||||
Бірінші ойын | ||||
Куба 3:1 Ямайка | ||||
Ең ірі жеңіс | ||||
Куба 9:0 Пуэрто-Рико | ||||
Ең ірі жеңіліс | ||||
Швеция 8:0 Куба | ||||
1938 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде 11-топқа түсті. Бұл топта Кубадан өзге алты құрама бар еді. Кубадан өзгесі ФИФА-ның сол кездегі президенті Жюль Рименің "Әлем чемпионаты екі жарты шарда кезек-кезек өткізіледі" деген уәдесінде тұрмай, екінші рет қатарынан Еуропада ұйымдастырып жатқанына наразы топқа қосылды да, бойкот жариялады. Осылайша Куба өз-өзінен иесіз қалған жолдамаға қол жеткізе салды.
Әлем чемпионатының 1/8 финалында бұларға Румыния тап келді. Қос құрама 5 маусым күнгі матчта 120 минут бойы бір-бірін ала алмай, 3:3 есебімен тең тарқасты. 9 маусым күні қайта ойналып, күтпеген жерде Куба 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ осы 210 минутқа соқылған кескілескен ойын қатты шаршатып, 12 маусым күні Куба құрамасы шведтерге төттеп бере алмады - 0:8[1]. Бұл құраманың өз тарихындағы ең ірі жеңілісі еді.
5 маусым, 1938 |
|
Стадион: Шапу Қала: Тулуза Көрермендер: 7000. Судья: Джузеппе Скарпи (Италия) |
||||||
9 маусым, 1938 |
|
Стадион: Шапу Қала: Тулуза Көрермендер: 8000. Төреші: Альфред Бирлем (Германия) |
||||||
12 маусым, 1938 |
|
Стадион: Стад дю Фор Карре Қала: Антиб Көрермендер: 7000. Төреші: Аугустин Крист (Чехословакия) |
||||||
КОНКАКАФ кубогына 8 рет қатысып, 1971 жылы 4-орынға қол жеткізген.
О | Команда | О | Жңс | Т | Жңлс | Голдар | ± | Ұ |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Мексика | 5 | 4 | 1 | 0 | 6 − 1 | +5 | 13 |
2 | Гаити | 5 | 2 | 3 | 0 | 9 − 1 | +8 | 9 |
3 | Коста-Рика | 5 | 2 | 1 | 2 | 6 − 5 | +1 | 7 |
4 | КУБА | 5 | 1 | 2 | 2 | 5 − 4 | +1 | 5 |
5 | Тринидад және Тобаго | 5 | 1 | 2 | 2 | 6 − 12 | −6 | 5 |
6 | Гондурас | 5 | 0 | 1 | 4 | 5 − 11 | −6 | 1 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.